Пхукетке саяхатым
Егер гуіл естісеңіз, кармаңызбен бәрі дұрыс. Естімесеңіз, Константин Кан сізге құпияны ашып береді.
КК
Константин Кан
Tue, 07 Jun 2022
«Тайландқа бейтарап қарау мүмкін емес» деген сөз бар. Бұл елге риясыз ғашық боласыз немесе суқаныңыз сүймей тұрады
Мен, әрине, бірінші санатқа жатамын. Тайланд, дәлірек айтқанда Пхукет – мендегі күштің қайнар көзі.Мұнда қайта-қайта оралғым кеп тұрады.
Пхукет шын мәнінде тартымды, себебі ол әмбебап. Сол себепті кез-келген саяхатшының көңілінен шығады. Теңіз суы үні мен күн көзінде тамылжығанды ұнатамысыз? Ендеше 20-дан астам жағажай ішінен келіп таңдай беріңіз. Бір ғана рюкзакпен таулы орманның шытырман саяхатын қалайсыз ба? Ол да оңай. Шулы түнгі кештерсіз өміріңізді елестете алмайсыз ба? Онда да дұрыс жерге келдіңіз. Демалыста денсаулығыңызға көңіл бөліп, таң атып келе жатқанда йога жасағыңыз келе ме? Тағы бір бинго! Пхукетке қош келдіңіз!
Будданың жанында гонг бар – кармаңызды тексеру үшін оны үйкеу керек. Егер гуіл естісеңіз, бәрі дұрыс. Естімесеңіз, тағы бір көріңіз.
45 метрлік Будда мүсіні аралдың ең биік нүктесінде орналасқан және оны аралдың әр бұрышынан көруге болады. Мүсінге міндетті түрде бару керек: жоғарыдан ашылатын көрініс керемет.
Панва мүйісі, туристік орындардан алыс, Пхукеттің оңтүстік-шығысында орналасқан. Сол себепті, табиғаттың бүлінбеген, байырғы таза қалпын сол жерден тамашалай аласыз. Таң шапағатына бөленуге таптырмас орын. Күн бұл жерде таңғы 6-лар шамасында атады.
Пхукеттің ең оңтүстік нүктесі Панва мүйісінде.
Жыл бойы пісіп жататын жемістерді Пхукеттің тағы бір артықшылығы дей беріңіз.
Жалпы жергілікті ас үйлерге ризашылықтан басқа айтарым жоқ. Тамаша том ям, пад тай, түрлі теңіз өнімдері. Бастысы, барлығы қол жетімді бағамен. Бақытты болу үшін тағы не қажет?
Жергілікті лавкалар ұсынатын тағамдар шынымен өте тартымды. Бір жаманы уақытша диетаңызды ұмыта тұруға тура келеді, себебі тамақтың мөлшері үлкен және майлы.
Патонг маңындағы түнгі базарлардың біріне баруға кеңес беремін, онда өте дәмді және арзан кешкі ас іше аласыз.
Жағажайлардың көпшілігі Пхукеттің батыс жағында орналасқан. Білуімше, шығыс жағында туристік жағажайлар жоқ.
Өзім сүйетін жағажайлардың үштігі келесідей: Найхарн, Карон, Ката. Алдымен осы 3 жағажайға баруды ұсынамын. Жағажайлардағы құм ап-пақ, таза, сықырлаған, суы да мөлдір.
Массаж – Тайландтың асыл тастарының бірі. Пхукетте дәстүрлі тай массажы кең таралған, ол пассивті йогаға ұқсайды. Бұл процеске бұрау, басу және аздап ауырсыну сезімі тән. Егер сізде ауырсыну шегі төмен болса, массажистке алдын ала ескертіңіз.
Ескі қала аймағына барсаңыз аралдың негізгі бөлігінен мүлдем басқа Тайландтың атмосферасына ене аласыз. Жағажайлар мен туристік қарбаластан алыс орналасқандықтан болса керек.
Мұндағы ғимараттардың көпшілігі қытай-португал стилінде салынған, және әрбір кішкене элементтің артында қаланың ғасырлық тарихы – ескі Пхукеттің рухы бар.
Monkey Hill немесе Маймыл тауы – бұл жергілікті маймылдарды еш қоршаусыз кездестіруге болатын орын.
Алдын ала дайындалып, құр қол бармаған жөн, себебі жергілікті маймылдар туристерден тәтті сұрап үйренген. Таудың етегінде бастамашыл әжелер банан байламдарын сатады.
Пхукет көрші Фи Фи, Пханган, Джеймс Бонд аралдары сияқты көптеген аралдарға экскурсиялар ұсынады.
Сонымен қатар 10-нан астам аралды қамтитын 2-3 күндік экскурсиялар бар. Кез-келгенін таңдасаңыз болады, жаңа әсер аларыңызға сөзсіз кепілдік беремін.
Пхукет – салауатты өмір салтын ұстанатын ел. Ван Дамның қатысуымен «Кикбоксшы» фильмі есіңізде ме? Айтпақшы, ол Тайландта түсірілген. Фильм бір кездері кішкентай менің санамда өшпес әсер қалдырды. Бала кезде джунглиге ұзақ саяхатқа шығуды, құпия әдістері бар сақалды жауынгерден тәлім алуды, содан кейін барлық зұлымдарды жеңуді армандамаған жан жоқ шығар...
Көп жылдан кейін осы арманымды орындағым келді. Ал Пхукет бұл үшін өте қолайлы орын.
Жекпе-жек дәрістері, атап айтқанда тай боксы немесе муай тай – Тайландттың ұлттық та, киелі дерлік спорт түрі – бұл елге бірінші рет келуіме себеп болды.
Муай тай – жекпе-жекте қол, аяқ, тізе мен шынтақты қолданатын әлемдегі ең тиімді жекпе-жек өнерінің бірі. Сондықтан да Муай тайды «сегіз аяқтың жекпе-жегі» деп те атайды. Жалпы, мені әрқашан тайлықтардың жұмсақ темпераменті мен муай тайдың қаталдығы арасындағы қарама-қайшылыққа таң қалдырады. Бұл ел бір қарағанда үйлеспейтін нәрселердің үйлесін табады.
Муай-Тай лагерлерінің көпшілігі Пхукетте. Тайланд қана емес, бүкіл әлем бойынша солай. Soi ta-iad атты арнайы спорттық көше де бар.
Онда тек Муай Тай мен ММА залдары ғана емес, сонымен қатар фитнес / кроссфит спорт залдары, пайдалы тағам ұсынатын кафелер мен спорттық жабдық дүкендері бар.
Жоғары ылғалдық пен жаттығудың қарқындылығына байланысты сабақтар өте қиын өте. Әрбір жаттығу денеден сөлді сорып алғандай болады.
Ақырында, жақсы фильмдердегідей, ұзақ жаттығудан кейін басты зұлыммен шайқас болып, жақсылық жамандықты жеңеді. Осыдан кейін үйге көңіліңіз тоқ ораласыз.