Мальдив аралдарына саяхатым
Көпшілік ойлағандай Мальдив аралдары қол жетпес арман ба? Бұл аңызды Тамара Ваал жоққа шығарады.
ТВ
Тамара Вааль
Thu, 22 Jun 2023
Ақ құм, көгілдір су, пальмалар, ғажайып су асты әлемі және шампан. Мальдив аралдары туралы ойлағанда, кімде-кімнің көз алдына осындай сурет елестейтін шығар. Бірақ артынша-ақ өз ойынан өзі шошып кетер: жұмақ аралдары арзан болсын ба? Әсіресе айналадағының бәрі қымбаттап жатқан пандемия кезеңінде. Осы арада турагенттер де орта есеппен жарты миллион теңгеден басталатын «ыстық турлармен» еліктіре бастады. Бұл «жұмақ» аралында болса да таңғы асы ғана қосылған 7 күндік демалыс үшін қымбаттау, әсіресе отбасымен ұшатын болсаңыз. Сонда Мальдив біз үшін осылайша қолжетпес жақұт боп қала бермек пе? Барлығы күрделі болып көрінгенімен, іс жүзінде өте қарапайым. Енді соны талдайық.
«Сезімге құлақ түру... Ләззатқа қалтқысыз берілу... Жердегі жұмақ мүмкін емес деп кім айтты?». Немесе «мұндай сәттерде шындық қай жерде аяқталып, арман қай жерден басталатынын түсіну қиын». Bounty шоколадының жарнамасы есіңізде болар: сиқырлы дауыс пен дәл қазір, осы жерде еніп кеткіңіз келетін сиқырлы декорация.
Сол бейнені көргеннен кейін бұл арал кімнің арманы болмады дейсің? Ал бүгін, шындық небәрі 6 жарым сағатта аяқталуы мүмкін. Содан кейін – арман... Қалтаңызға айтарлықтай салмақ салмайтын арман. Бастысы, сапарыңызға ертерек қамданып, жоспарласаңыз болғаны.
Люкс қонақүйлерінің әдемі суреттері көздің жауын алады. Бірақ барлық аралдардағы жағажай мен мұхит бірдей керемет болған кезде, жеке өзіңіздің бунгалоңызға немесе супер оқшауланған үйіңізге миллиондаған ақша жұмсаудың не қажеті бар?
Ең бастысы – сіз үшін не маңызды екенін шешіп алу: бөлмедегі супер жайлылық па әлде жағажайдағы ләззат па? Біз екінші нұсқаны таңдадық, және сол шешімімізге өкінген жоқпыз.
Аралға бір-ақ аптаға ұшпағаныңыз жөн. Ол уақыт ішінде мұншалық керемет күйдің толық дәмін сезініп үлгермейсіз. Шынымды айтсам, біз 14 күнді де аздық еттік. Ол жердің қаншалықты жақсы екенін алдын ала білгенімізде, қайтар күні ашық билетін сатып алар едік. Шынында да, визасыз аралдарда бір айға дейін бола аласыз. Өз қауіпсіздігіңіз үшін, екі сақтандыру алғаныңыз жөн: 30 мың еуроға тұрақты туристік сақтандыру және 3 мың долларға ковид сақтандыруы. Шошымаңыз. Бұл өзге визаларға қарағанда 14 күнде бір адамға 15 мыңдай ғана қымбаттау. Қолда билет пен сақтандыруыңыз болса, қайда тұру керек екенін ойланатын кез келді. Укулхас, Тоддоо, Расдху, Маафуши, Тулусдху, Ган, Ханнамиду, Химмафуши сияқты аралдарды ұсынатын Google аман болсын. Әйтсе де, біз олардың ешқайсысына барған жоқпыз.
Маафушиге бару жоспары болды, бірақ Мальдив аралдарын көбірек білетін туристер ол жерде қонақүйлер, тиісінше, демалушылардың тым көп екенін, сонымен қатар саяси тұтқындарға арналған түрме де орналасқанын айтты. Толық демалу үшін ең жақсы орын емес, солай ма?
Бірақ туристік агенттіктер қандай да бір себептермен өз клиенттерін тек сол жаққа жібереді. Тодду аралынан бірден бас тартқан себебіміз, ол ферма аралы, ал біз жабайы табиғатты аңсап келдік. Ал Химмафушиди бикини жағажайы болмағансын тартпады.
Айтпақшы, ең маңыздысы: Мальдив аралдары мұсылман елі, сондықтан демалыс орнын таңдаған кезде бикини жағажайының болу-болмауын нақтылап алыңыз, сонымен қатар алкогольге қатаң тыйым салынатынын есте ұстаған жөн. Нәтижесінде, таңдауымыз Омадху аралында орналасқан Немо Inn – бар болғаны 5 бөлмесі бар шағын, бірақ өте жайлы қонақ үйге түсті. Ол Маледен 70 шақырым жерде тұр.
Жергілікті тұрғындардың 800-і ғана тұратын шағын арал. Қайда қарасаңыз да, көретініңіз бір мұхит
Жергілікті халық, дәлірек айтсақ, әйелдер туристерді онша ұнатпайды. Сол себепті, шетелдіктерді көргенде көздерін төмен түсіріп, мүмкіндігінше жаныңыздан тезірек өтіп кетуге тырысады. Балалар қызығушылықпен қарайды. Ал ең жайдары – ер адамдар. Сіздің «сәлем» дегеніңізге жауап та береді, күлімсіреп те үлгереді. Онысы тағы маска астында. Өйткені, Мальдив аралдарының халқы барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды өте жақсы сақтайды. Бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау – әркімге міндет. Сондықтан үйден шығарда маска ұмытпаңыз. Олай етпесеңіз, жергілікті тұрғындардың өзіңізге құрметпен болса ба, кінә арта қарағанын сезіп, ыңғайсызднасыз.
Сондықтан елден шығарда купальниктеріңіз жатқан чемоданға бір реттік маскалардың екі қорабын сала салуды ұсынамын. Өйтпесеңіз аралдан оны тауып ала қоюыңыздың өзі екі талай
Айтпақшы, шопинг туралы: аралда бірнеше дүкен бар, бірақ ол жерден ғаламдық нәрсені ала алмайсыз. Сондықтан, Малеге келгеннен кейін чемодандарыңызды багаж бөлмесіне қалдырып, банкоматтан 3000 руфия алуыңыз керек (бұл 100 доллар немесе шамамен 46 000 теңге). Одан өзгесін өзгертудің қажеті жоқ, өйткені біз тұрған жергілікті аралда тікелей айырбастау тиімдірек, 100 доллар 41 мың теңгеге тең болады.
Содан кейін Интернеті бар SIM картасын сатып алғаныңыз жөн – 17 гигабайт үшін 30 доллар, артынша 10 руфияға паром алып, Малемен серуендеуге барыңыз. Осылайша жылдам қайықты күтуді жеңілдетіп, өміріңіздегі ең жақсы демалысқа қажет нәрсенің бәрін сатып алыңыз
Маледе жеміс базарына барып, жергілікті жемістерді сатып алуды ұмытпаңыз. Әдетте, бұл кішкентай, әрі ерекше дәмді бал манголары. Мұнда олар 11-15 данадан 100 руфиядан сатылады. Біз оларды 300 руфияға екі бөліп алып, 14 күн бойы тамақтандық.
Омадхуға жылдам қайықтың құны бір адамға 30 доллар, қайтар жолда 50 долларға шықты. Әртүрлі тасымалдаушылардың бағасы әртүрлі. Аралға жету уақыты небары 1,5/ 2 сағат.
Сонымен жұмаққа қош келдіңіз! Сіз Мальдив, бірақ қымбат емес аралдасыз, ең бастысы, мұнда көптеген туристер жоқ, сізге сол жайлылық пен рахат сыйлайды
Бастысы, сапарыңыз бюджеттік, сондықтан барлық нәрседе сән-салтанат күтпеңіз: жақсы жайлы бөлме, омлет, шұжық немесе тунец қосылған дәмді таңғы ас. Өте дәмді! Шынымды айтсам, мен өмірімде балық жеп көрмеген адам ем, енді тунецке ғашық болғаным сондай, үйде де жасай беремін.
Кешкі асты қонақ үйіңізде, мәзірден тағамдарға алдын ала тапсырыс беріп, немесе аралда жұмыс істейтін бірнеше кафеде ішуге болады
Көпшілік айтқандай баға мүлде тістемейді. Көкөніс салаттары 50-60 руфия, ыстық тағамдар - 60-тан 80-ге дейін, жаңа сығылған шырындар - 40-50 тұрады. Жалпы, бәрі тәбетіңіз бен әмияныңызға байланысты, орташа есеппен – екіге 250-350 руфия, немесе шамамен 9 мың теңге, көбінесе одан да аз. Қонақ үйде біз тауық күрішінен бас ала алмадық – бұл тауық еті қосылған палау, қызанақ салаты және екі жаңа шырын. Нәтижесінде екі аптаға таңғы ассыз қонақ үй, 8-9 кешкі ас пен екі ПТР тесті бізге 900 долларға шықты.
Осылайша, барлық сапарды егжей-тегжейлі зерттеп, логистиканы ойластырып, Мальдивке салыстырмалы түрде аз ақшаға ұша аласыз. Бірақ, ең бастысы, өзіңізбен бірге жақсы көңіл-күй мен суға шомылу маскасын алуды ұмытпаңыз. Себебі люкс қонақүйде немесе шағын қонақ үйде тұрағаныңыз маңызды емес – жағымды эмоциялар ғана маңызды. Ал, оларды міндетті түрде аласыз. Және олар сіз елестете алатыннан да көп.