Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Лондонға саяхатым

Бұл қала туралы бәрі айтылып, жазылып қойған сияқты, бір қызығы, Лондонға келген сайын, мейлі ол 5, 10 немесе 20-шы рет болсын, әлі де көріп, танысарым көп екенін түсінемін.
ЖИ
Жазира Ибраева

Mon, 05 Jun 2023
Мен бұл қалада жазғы демалыста мектеп оқушысы ретінде, Солтүстік Англия университетінің студенті ретінде, достарыммен және іссапар түрінде өмірімнің әр кезеңінде бірнеше рет болдым. Лондон әрқашан сондай таныс бола тұра жаңалыққа деген шөліңді қандырады. Жаныма сол себепті жайлы көрінеді. Әр сапардың алдында баратын жерлердің тізімін «Жарайды, бұл жолы тізім әлдеқайда қысқарақ болады» деген оймен жасаймын, бірақ соңында мен ойлағандай болмай шығады.

Бұл жер ешқашан жалықтырмайды. Керісінше, көрген сайын қалаға, тарихына, мәдениеті, өткенді құрметтеуі мен болашақтың көшбасшысы бола білуге деген талпынысына ғашық бола түсесіз.

Мұнда әйгілі ескерткіштер, сарайлар, скверлер мен мұражайлар бар. Олар кез-келген туристік нұсқаулықта кездеседі. Әрине, ол жердің барлығы бірнеше рет баруға тұрарлық, бірақ мен сізге қаланың жасырын асыл тастарын іздеп, «өз Лондоныңызды» табуды ұсынар ем. Міне, мынау менің Лондонымдағы сүйікті жерлердің тізімі.

Ковент Гарден - театр мен мейрамханаларға толы Лондонның көрнекті орындарының бірі.

Лондон мұнарасы қабырғаларын айналып өтіп, мұнара көпірін көрмесеңіз, Лондондағы сапар толық емес болып көрінеді. Мұнда осы қаланың ғасырлық тарихы мен салтанатын сезінесіз. Мұнара қару-жарақ қоймасы, түрме, монета сарайы және корольдік қазынашылық қызметін атқарды. Аңыз бойынша қарғалар Мұнарадан кетсе, Тәж бен Ұлыбритания құлайды делінген. Сондықтан осы ақылды құстар бастары кесілгендердің елестерімен бірге сарайдың тұрақты тұрғындарына айналған.

Лондонның ортасынан панорамалық көрініс алу үшін, Примроз-Хиллге көтеріліңіз. Егер ауа-райы сәтті болса, онда керемет көрініске куә боп, пикник жасаңыз, сөйтсеңіз, атақты адамдарды кезіктіріп қалуыңыз да мүмкін.

Әйгілі мюзиклдердің біріне бару үшін бір кеш бөлгеніңіз жөн. Мюзикл басталмас бұрын Лондондағы ең әдемі көше - Нилес-Ярдта серуен ұйымдастырыңыз. Бұл жерде көптеген ашық мейрамхана, бар, кафе мен дүкендер бар.
Әдемі көшелері туралы айтатын болсам, әр түрлі үйлер мен шағын дүкендер қамтыған Notting Hill-ге баруыңыз керек.

Егер уақытыңызды дұрыс жоспарлаңыз, Портобелло жол базарына қазына іздеп барып, ерекше көне кәдесыйлар сатып ала аласыз.

Шопинг үшін Harrods-ты емес, Fortum and Masons-қа барып, өзіңіз бен жақындарыңызға джем құмыра және жергілікті өндірушілердің печеньесі бар қорап сияқты кәдесый немесе сыйлық сатып алуыңызға кеңес беремін.

Егер Лондонда іссапармен жүрсеңіз, онда Лондон Ситиге баруыңыз ықтимал. Онда ақ және көк жағалы маңызды адамдар бір кездесуден екіншісіне шапқылап, мәмілелерді жабу үшін жергілікті пабтарда ішіп жатады.

Лондон - ежелгі Египет жәдігерлерінен бастап қазіргі заманғы өнерге дейінгі барлық талғамға арналған мұражайлардың астанасы. Өзіме Tate Modern ерекше ұнайды. Пикассо мен Клод Моне жұмыстарының тұрақты көрмелері бар, уақытша үлкен көрмелерге де келуге тұрарлық.
Сол қарбаластан бақтардың бірінде жасырына аласыз.

Маған Әулие Дунстанның Шығыс шіркеу бағы ұнайды. Онда кофе ішіп, үзіліс жасай аласыз.

Гарри Поттердің жанкүйерлері әйгілі франчайзингтің көріністері түсірілген қаланың ең көне және әдемі базарларының бірі - Лиденхолл базарына баруы керек. Lamb Tavern-ге тоқтап, бір пин сыра алсаңыз, жергіліктіге саясыз.

Ең бастысы, Лондонда әйгілі бестің шайын ішуді ұмытпаңыз. Langham-дегі Palm Court - күндізгі шай ішу дәстүрін сәнді және демалыс жағдайында өткізуге арналған тамаша орын.

Лондоннан тіпті Венецияны таба аласыз! Паддингтонның солтүстігінде орналасқан Кішкентай Венеция аймағында қайық кафелерінің бірінде дәстүрлі ағылшын таңғы асымен тамақтанып, әдемі кішкентай арналармен қайықпен жүзе аласыз.
Қалада демалғыңыз келсе, Kew Gardens бағына баруға кеңес беремін. Бұл ең үлкен коллекциялар жинақталған Корольдік ботаникалық бақ және ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы болып табылады.
Сөз соңында, метрополитеннің ыңғайлылығына қарамастан, ештеңені жіберіп алмау үшін жаяу серуендеуге немесе велосипед жалдауға кеңес беремін. Кім білсін, мүмкін сөйтсеңіз, сіз басқа жасырын асыл тастарды таба аларсыз. Сізге «Эйр Астана» әуекомпаниясымен жайлы саяхаттап, «өз Лондоныңызды» табуды тілеймін.
ЖИ
Жазира Ибраева
*Автордың пікірі субъективті және авиакомпанияның ұстанымын көрсетпеуі мүмкін.