Менің Бішкекке сапарым
КТ
Кыял Тукембаева
Wed, 08 Jun 2022
Бұл ең қысқа бағыттардың бірі болар - небары 30 минут ұшады: ұшақ көтеріледі, тас жолда зымырап келе жатқан дәл сол көліктердің үстімен өтеді де, бірден төмендейді.
Бішкекке ұшып жеткенде, Сіз қар басқан тау шыңын тамашалап, «Манас» әуежайынан бүкіл жол бойы сол тауға қарай жүресіз.
Менің бірінші кеңесім: уақытыңыз болса, тауға барыңыз - ол Ала-Арча шатқалы не Чункурчак алқабы болуы мүмкін.
Маған Чункурчак алқабы қатты ұнайды: тамаша жайлау шырша мен орман аралас, альпылық көгал.
Бұралаң тас жолымен көтерілу айтарлықтай қиын болғанмен, Чункурчак өзінің зүбәржаттай реңімен тамсандырады. Айтпақшы, қыста бұл жерде шаңғы тебуге болады: мұнда аттас тау шаңғысы базасы орналасқан, ол шаңғы мен сноуборд сүйер қауым арасында әжептеуір танымал.
Бұл алқапта өзіндік ұлттық нақышы бар қонақ үйлердің бірі Супара Чункурчак орналасқан. Төбеде айнала терезе салынған ерекше киіз үйлер - номері осындай «Yurt hotel» қонақ үйі тұрады.
Стильденген бұл занамауи киіз үйлер табиғи материалдан: қабырғасы арнайы киізбен өңделген, барлық жиһаз ағаштан жасалған. Киіз үйдің төменгі бөлігінде ғажап тауға көрініс ашылатын айналасы терезе қосымша бөлме бар! Бұл киіз үйлер жазда салқын, қыста «буржуйка» пешімен жылытылады. Қонақ үйдің басқа жағында бесік тектес шағын үйлер бар, атауы ды солай «Beshik hotel». Осы қонақ үйге тоқтасаңыз, таңғы асқа тартылатын ұлттық тағам алуан түрімен таң қалдырады. Бауыр мен күріштен жасалған «Быжы» шұжығы, қайырылған май «Сары май», түрлі жарма қоспасы бар «Талқан» мен нанның түрі мол. Міндетті түрде кішігірім «Қаттама» жеп көріңіз - бұл қатпарлы шелпек, ол «Қаймақ» майлы кілегейімен ерекше дәмді. Супара Чункурчак этно қонақ үй болғанмен, түскі һәм кешкі асқа ұлттық тағаммен қатар, басқа елдің де асын, соның ішінде вегетариандар тамағына да тапсырыс бере аласыз.
Супара этнокешенінің (бұл осы желінің бірінші мекені) тау етегіндегі қалаға жақын өзге филиалында ұлттық нақыштағы кеңістікке терең үңіле аласыз: тас үйлер мен түрлі киіз үй, ол жерден өте дәмді тағам татуға болады.
Сонымен қатар осындағы Қырғыз халқының миниатюрасы мен мәдениетінің интерактивті мұражайына барып қайтыңыз. Миниатюра бөлігінде қырғыздардың көшпелі өмірінен Ұлттық ойыны «Көкбөрі» көкпарынан бастап, жайлауға көшуге дейінгі түрлі көрініс бейнеленген. Мұражайдың интерактивті бөлігінде бидай ұнтап, әртүрлі антикварлық экспонатты ұстап көріп, зергерлік бұйымдар мен қару түрімен таныса аласыз.
Ақыры мұражай сөз болды, Сізге Ала-Тоо алаңындағы жаңарған Ұлттық мұражайға және Бейнелеу өнері мұражайына баруды ұсынамын.
Бірінші мұражайда Қырғызстан ресми тарихының иллюстрациясын тамашаласаңыз, екіншісінен бейнелеу өнерінің тұрғылықты мұражай топтамасын, сондай-ақ әртүрлі өнер бағытында еңбек ететін және көбіне қаладағы арт-шараларға сарын беретін қазіргі суретшілердің жиі ауысатын көрмесін көре аласыз.
Айтпақшы, қаладағы тағы бір арт-кеңістік - ол Novotel қонақ үйінде жақында ашылған «Ilgeri Art» галереясы. Шабыты тасыған жастар бір ортаға түрлі кезең суретшілерінің өкілін жинаса, бірде әртүрлі ағым өкілдерінің коллаборациясын құрады, біресе қолданбалы өнердің ескі бұйымына қайта ғұмыр сыйлайды. Аталған галереяға міндетті түрде барыңыз, мол әсерге бөленіп, бәлкім өзіңізге экспонат не NFT виртуалдық өнерінен бір нәрсе сатып аларсыз.
Қала вайбын сезіну үшін, міндетті түрде «Еркіндік» бульварымен қыдырыңыз. Темір жол вокзалынан басталатын ол, Ала-Тоо алаңына дейін созылады.
Бұл ғашықтар кездесетін және ең дәмді балмұздақ жейтін жер, ал кешкісін мұнда жас отбасылар балаларымен серуендейді, қарттар ұзақ жасайтын ағаш түбіндегі көлеңкеде демалады. Сәті түссе, музыканттарға тап боларсыз, алуан-түрлі әуеннің жетегімен серуендегенге не жетсін…