Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Батумиге саяхатым

Осы жерге қайта оралғыңыз кеп тұратын болады… Алия Баталовадан Батуми туралы біліңіз.

АБ
Алия Баталова

Thu, 22 Jun 2023
Батуми – бұл демалыс маусымында жанданып, жылдың басқа уақытында тыныш, провинциалдық өмірін жалғай беретін курорттық қалашық. Батуми – жаңадан көтеріліп жатқан үйлерден де жағаны жағалай орналасқан кеңестік дәуірде салынған тоғыз қабаттық үйлері көп, бар-жоғы екі сағатта айналып шығуға болатын кішкене орталығы бар таңырқататыны аз шағын қала. Бары сол. Бірақ кетуге асықпағаныңыз жөн. Сапарыңыз жаңа басталды.

Біріншіден, жаңа концептуалды қонақүйге тоқтаңыз, мысалы, керемет теңіз көрінісі бар, әдемі бас бульварға қарайтын көп қабатты үйдің 38-қабатында орналасқан Kartuli Hotel!

Таңғы астан кейін жалға скутер алып, ескі қалаға серуендеуге шығыңыз! Тәбетіңіз ашылса, жағалаудағы мейрамханалардың бірінде тамақтаныңыз немесе пикник / барбекюге арнайы тамақ алып, таксимен Батуми ботаникалық бағына барыңыз.

Міне осы жерде сіз күні бойы жүрсеңіз де, сұлулығының жартысын да көріп тауыса алмайсыз! Жартасты теңіз, эвкалипт тоғайы, бамбук орманы – бұл көз алдыңызға келетін керемет көріністің кішкене бөлігі ғана!

Қалада бірнеше күн өткізген соң, жағажайға барыңыз! Батумидің өзінде де жағажайлар ашық, шомыла аласыз, бірақ Батумиден 30 минуттық жерде орналасқан шағын да, жайлы Уреки қалашығына шықсаңыз, қарағайлар арасында орналасқан көптеген шағын отбасылық қонақүйлері бар, қара түсті құмды жағажайға жолығасыз (барлық басқа жерде – қиыршық тас)

Сондай-ақ, пайдалы мен ләззатты қатар тату үшін Йога саяхат – Йога Ретритке барыңыз. Ол жерде сіз жергілікті сұлулықты бағалап қана қоймай, денсаулығыңыз үшін пайдалы уақыт өткізе аласыз!

Батумиде йоға турлар жиі болып тұрады, ай сайын дерлік. Осы орайда қазір Қазақстаннан рейстер Батумидің өзіне де, Тбилиси (5 сағаттық пойызбен Батумиге) мен Кутаисиге (таксимен 2 сағат) тұрақты екені қуантады. Есіңізде болсын, Грузияға бір келсеңіз, мұнда қайта оралғыңыз кеп тұратын болады...
АБ
Алия Баталова
*Автордың жеке пікірі әуе компанияның ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.