Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Бакуға саяхатым

Закавказьенің сұлулығын әлі де жете бағаламай жүрсіз бе? Баку сырын Эльван Эфенди ашуға көмектеседі.
ЭЭ
Эльван Эфенди

Wed, 08 Jun 2022
Әзірбайжан болмағанда, Нобель сыйлығы болмасын біліп пе едіңіз? Иә, ағайынды Нобельдердің қаражаты дәл осы Әзірбайжанның мұнай кен орындарынан бастау алып, көп ұзамай Нобель сыйлығының қорына негіз болды.
Әзірбайжан, дәлірек айтар болсақ, Апшерон түбегі ежелгі мұнай өндірушілердің бірі ретінде танымал. Дегенмен, Закавказье елінің сұлулығы мен мәдениеті әлі күнге жалпыға бірдей таныла қойған жоқ. Атап айтқанда, посткеңестік кеңістіктегі халықтар бәріміз бір сұлбамен салынып, қалалар бір-біріне ұқсаған соң, тамашалайтын ештеңе жоқ деп есептейміз. Бірақ бұл қате пікір, себебі Әзірбайжанның болмысы бөлектеу.

Баку – әдемі қала. Көктем мен жаз – келгенге ең жақсы уақыт. Дәл Эмин «Баку жазына бірге қашайық!» деп жырлағандай. Приморский бульварымен серуендей жүріп, Каспий теңізінің тыныштығы мен самалынан ләззат алыңыз. Егер сауық-сайранға жақын болсаңыз, жастардың ең көп бас қосатын жері Торговыйдың шулы және қарбалас ахуал ұсынамын.

Баку көшелерінен көнелік пен қазіргі заманның үйлесімін көруге болады. Әр түрлі дәуірдің ғимараттары арасындағы үлкен контраст ерекше әсер қалдырады.
Ең көне саябақ, филармония бағы (түпнұсқасы Filarmoniya Bağı), айбынды бекіністері бар Ескі қала (түпнұсқасы İçeri Şeher), мен бойына көптеген аңыз жасырған тамаша Қыз мұнарасының (түпнұсқасы. Qız qalası) өзі қандай.
Заманауи сәулет өнері де сан түрлі архитектуралық формалар мен кескіндерімен таң қалдырады.
Гейдар Әлиев атындағы мәдени орталық пен Жалын мұнаралары (түпнұсқасы Alov qülleleri) – өз алдына бөлек әңгіме.
Әзірбайжан халқы өте ақкөңіл, көкірегі ояу. Олардың қонақжайлылығы жайлы жыр-дастан жазып тастауға болады. Қайда барсаңыз да өзіңізді үйіңіздегідей сезінесіз.

Бір қызық факт (!), Әзірбайжан халқы шай ішкенді жақсы көреді, тіпті аптап ыстықта да шөлді ыстық шаймен қандыратынын көруге болады. Соған сай қонақжайлығы да қастерлі бір кесе шайдан басталады.

Иә, ең бастысы – теңдесі жоқ әзірбайжан асханасы. Жүзім жапырағы долмасы, шах палауы, түйе құтабасы, хянгял мен тағы басқаларынан дәм татпай кетсеңіз, үлкен қателік жасайсыз.

Бұл тізімді үздіксіз жалғастыра беруге болады, бірақ мен сіз онсыз да алғашқы сөздерден кейін-ақ билет сатып алып, Әзірбайжан дәмін татқыңыз келген болар деп ойлаймын. Елде мейрамхана бизнесі өте жақсы дамыған, сондықтан назарларыңызға әртүрлі тағам дайындайтын көптеген мейрамханалар ұсынылады.

Дәстүрлі таңғы асты Ескі қалада орналасқан Kiçik Qala-да ішуге болады. Біз отбасымызбен «Qaynana» және «Salam Baku» сияқты мекемелерді жақсы көреміз. Сіздің де (жаңғақ, ақ шие, ит ағашы немесе інжір) қосылған түрлі джеммен бірге ұсынылатын шайды ұнатарыңыз сөзсіз. Дәстүрлі тағамдарды сондай-ақ Xengeland-тан (ең жақсы хинкали мен кхянгял), Qazmaq, Nergiz мейрамханасы, Долма мейрамханасынан жеуге болады. Егер орыс немесе украин тағамдарының дәмін татқыңыз келсе, онда жартылай антикварлық интерьері бар, жайлы отбасылық Marivanna мейрамханасын сынап көріңіз. Десерт үшін нәзік торттарымен танымал “Syrovarnya”-ға ал шоколад әлеміне енгіңіз келсе “Lviv Chocolate House”-қа кіре аласыз. Мен достарыммен бірге өзімді еркелетіп, cheat meal day ұйымдастырғанды жақсы көремін.

Бакуде де шопинг бар. Кәдесый үшін Ескі қалаға бас сұғыңыз, егер әзірбайжан мәдениетіне жататын зергерлік бұйымдар алғыңыз келсе, сондай-ақ қайталанбас Қалағай орамалын алғыңыз келсе, онда мен Butali-ді (@butaliofficial) ұсынар едім. Бірде-бір қыз ол жерден құр қол кетпейді. Кәдімгі сауда орталықтарына келер болсақ, өз басым 28 Mall, Ganjlik Mall немесе жаңа Deniz Mall-ға барғанды жөн көремін.

Иә, ұмытып кете жаздаппын ғой, егер квесттердің жанкүйері болсаңыз және жұмбақ шешуді ұнатсаңыз, сізге Portal Games-ке (@portalgames) кіруге кеңес беремін. Өте қызықты ойындар мен шынайы декорация.
ЭЭ
Эльван Эфенди
*Автордың жеке пікірі әуекомпанияның ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.