Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Амстердамға саяхатым

Бәрінен бұрын Кристина Клейн Maroon 5 тобын көргісі келді. Оның ақыры голландиялық бақыттың құпияларын ашатынын кім білді?

КК
Кристина Клейн

Thu, 22 Jun 2023
Көпшілігіміз Амстердамды кофеханалар мен қызыл шамдар қаласы және тыйым салынған нәрселердің бәрін қолжетімді ететін қала ретінде білеміз.

Одан бөлек Амстердамда Ziggo Dome концерт залы орналасқанын білесіз бе? Ол әрдайым әлем жұлдыздарының тур өткізетін залдар тізімінің көшін бастап тұрады.

Сонымен, менің Амстердамға сапарымның басты мақсаты Maroon 5 концертіне қатысу болды. Көлік қиылысының жанында ыңғайлы орналасуы, кеңдігі, голландтарға тән концерттің дұрыс ұйымдастырылуы, музыкалық акустикасы – осының бәрі түрлі елдерден келген мыңдаған туристерді сүйікті әншісін өзге жерде емес, дәл осы Zigga Dome-нан тамашалауға тартады. Мыңдаған адам қайта иық түйістіріп тұрып сүйікті әртісімізбен бірге ән шырқай алатын күнді асыға күтемін.

Қаланың өзін зерттеу үшін, біз стереотиптік кеңестерге құлақ асып, велосипед жалдадық, бірақ бұл соған тұрарлық іс екен. «Дат бақытының құпиясы» кітабында велосипед тебетін адамдар басқаларға қарағанда бақыттырақ екені айтылған. «Голландиялық бақыт»-тың құпиясы тек велосипедтерде екендігіне күмәнім бар, әйтсе де Амстердамның тар әрі сондай таңғажайып көшелерімен велосипедпен жүргенде өзіңізді ерекше бақытты сезінесіз.

Назарыңыз ауған жаққа жүре беруге кеңес берер ем, сонда саяхатыңыз жайлы жадыңызда ұмытылмас із қалдыратын туристік емес жерлерге жолығасыз.

Шабыттың шарықтау шегіне жету үшін Ван Гог мұражайына баруды ұмытпаңыз.

Музейдің керемет жүйеге келтірілген аудио нұсқаулығын да назардан тыс қалдырмаңыз. Аудио гидтің жағымды және сабырлы дауысы Винсент ван Гогтың керемет өміріне сүңгітіп, өмірлік асқақтауы мен құлдырауларын сезінуге мәжбүр етеді. Тіпті кей сәттерде жылатуы мүмкін, бірақ суретшінің жұмысына ғашық болмау мүмкін емес.

Ал кешкілік, шамдар жанып, барлар толып, қала одан әрі жандана бастаған кезде, осынау өмір мерекесін ең жақсы жер – қайықтардан тамашалауға кеңес беремін! Ия, иә, себебі қалалық каналдар Амстердам деп аталатын тірі организмнің тамырларына ұқсас.

Арналар үйлердің әйгілі қасбеттеріне жақсы көрініс ашады. Соның арқасында сіз жергілікті тұрғындардың қарапайым өмірі мен сырттан келген туристердің қызықтарына көз жүгірткендей боласыз. Егер 6-8 адамнан тұратын топпен саяхаттап жүрсеңіз, онда сізге туристік қайық пайдаланбай, тек өз компанияңыз үшін шағын қайық жалдауға кеңес беремін. Дәл солай судағы жеке ойын-сауық кешін өткізу жергілікті жастар арасында жақсы белең алған.

Қарныңыз ашса, әйгілі қуырылған картоп ала аласыз. Vleminckx de Sausmeester деп аталатын кішкене дәмханада сізге картоппен бірге жүретін 25-тен астам тұздық түрі ұсынылады. Бірақ ол үшін бір сағаттық кезекте тұруыңызға тура келеді. Қызығы картоптың дәмін татып көрген сәтте-ақ кезекте тұрған уақытыңыз ұмытылады.

Кешкі асқа Аргентинос стейк-мейрамханасын сенімді ұсына аламын. Бұл жерге екі күн бұрын тапсырыс беру керек. Кіре берісте сізді он жылдан астам уақыт бойы қала тұрғындары мен қонақтарын дәмді етпен тамақтандырып келе жатқан мейрамхана иесі, нағыз аргентиналық ер азамат күтіп алады. Стейкке тапсырыс бергенде міндетті түрде қабырғалардың дәмін татып көріңіз. Сол дәм сізді Амстердамға оралуға мәжбүр етеді.

Ал үйге қайтып бара жатып, отбасыңыз бен достарыңызға сыйлық алу керегі еске түссе, міндетті түрде De Kaaskamer дүкеніне барыңыз. Сол жерден кез-келген талғамға арналған ірімшік таба аласыз – органикалық, ешкі, фермалық, классикалық голланд.

Дүкеннің атмосферасы керемет, ірімшіктің көптігі көздің жауын алады. Голландияның «дәмін татуға» мүмкіндік беретін мұндай кәдесый жақындарыңызды бей-жай қалдырмасы анық.
КК
Кристина Клейн
*Автордың пікірі субъективті және авиакомпанияның ұстанымын көрсетпеуі мүмкін.