Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Ақтауға саяхатым

Мекенжайдың орнына құпия шифр және басқа планетаға экскурсия. Дарья Плотникованың туған жері сізді таң қалдырады.
ДП
Дарья Плотникова

Wed, 08 Jun 2022
Жүрегімде Ақтаудың орны бөлек. Балалық шағымның едәуір бөлігін өткізген қала болған соң болар. Бұл қаланың атын естіген сайын есіме жағымды естеліктер түседі. Әжем сонда тұрды, соның арқасында әр жазды Каспий теңізінің жағасында демалып, теңізде шомылып, күнге қыздырынып, айналамдағы барлық нәрсеге тамсанып өткіздім.

Тіпті алғашқы әуе сапарымның өзі осы теңіз жағалауындағы керемет аймаққа болды. Бала кезімдегі суреттерімнің көпшілігі де сол жерден

Сондықтан көп жылдан кейін достарыма мен үшін осыншалық маңызы бар жерді көрсету үшін осында келуім мені қатты толғандырды. Мен кеткелі қала қатты өсіп, теңіз суы тартылып, бұрын суға шомылған жерде жартастар ғана қалған екен.
Айтпақшы, қаланың бір ерекшелігі-көше атауларының жоқтығы. Такси шақырғанда Абай-Желтоқсан демей, «14-5» дейсіз. Бұл анық құпия код сияқты естіледі, бірақ бұл ықшам аудан мен үйдің нөмірін білдіреді.
Теңіз жағасындағы күннің батуы әлі де ғажап. Соны тамашалауды ұмытпаңыз. Мұны жағалаудағы мейрамханада, соған ыңғайластырылған жағажайдағы орындықтарда немесе жай ғана жағадағы құмға отыра кетіп істей аласыз. Ол маңызды емес, бастысы соған уақыт бөліңіз. Теңіз, жаныңыздан ұшып бара жатқан шағалалар үні, күннің батуы мен көкжиекте сөніп бара жатқан күн – бәрі кинодағыдай.
Біздің саяхат тек жағалауда серуендеп, суға шомылуды ғана емес, сонымен қатар, Маңғыстау облысының ең әдемі жерлерін аралауды қамтыды. Тізімде бірінші Бозжыра трактаты тұрды. Күн көзінде балқып кетпеу үшін жолға таңғы 3-те шығып, діттеген жерімізде 11-де болдық.
Таңғажайып көріністі тамашалау үшін жар тастарының біріне шықтық. Сол жартастың шетінде тұрып, ондаған шақырымға созылған көкжиекке қарағанда өзіңді ғаламның кішкентай бөлшегі сияқты сезінесіз. Сөзбен жеткізе алмайтын сезім. Мен әркімге өмірінде кемінде бір рет осында келіп, ешқандай фотосурет жеткізе алмайтын ғажайыпты сезінуге кеңес беремін.
Туған жеріміздің әдемілігі мен әртүрлілігі мені әр уақытта таң қалдырады. Бірнеше шақырым жерді бағындыра салып, өзіңізді басқа планетада жүргедей сезінесіз.
Тек теңізде жүзуге арнаған күндер де жоқ емес, бірақ өкінішке орай, биыл шілдеде су салқын болды. Есесіне тамызда теңіз жаңа сауған сүттей жылы болды.
Бір күні біз Ақтаудан алыс емес құмды жағажайға бардық. Ақ құм, ракушкалар мен шексіз көгілдір теңіз. Күн бұлтты, суы салқындау болса да, көрініс таңғажайып болды. Пальма ағаштарын қоссаңыз, дәл Баунти жарнамасындағыдай боп кетер еді.
Қала жағалауындағы тасты жолдармен серуендеуді ұмытпаңыз, біз бұл үшін кешкі уақытты таңдап, жартастарды түрлі-түсті жарықтың фонында тамашаладық. Жол бойында біз бір жағынан қуатты тастармен, ал екінші жағынан шексіз теңізбен ұштасқан түрлі мүсіндер мен тас суреттерін кездестірдік.

Сол маңда серуендей жүріп, қаланың көрікті жерлерінің бірі, төбесінде маяк орнатылған тұрғын үйді көре аласыз

Әрине, тамақсыз бола ма? Гастрономиялық турға мыналар кірді: шаян, оны үйде дайындауға немесе дайын күйінде жеуге болады; аңызға айналған fish бармақ (бекіре тұқымдас балықпен бешбармақ), кеңес бойынша біз оны жол жақтан аса тарта қоймайтын, бірақ ішкі терассаларынан теңіздің таңғажайып көріністеріне жол ашылатын «Айдын» мейрамханасынан дәм таттық. Ал егер гамбургер алғыңыз келсе, «Барханға», жергілікті «Black Star Burger» -ге барыңыз.

Ақтаудағы демалыс әр түрлі болуы мүмкін: қалада серуендеуден бастап, теңізге түсу, Маңғыстау облысының барлық айналасын зерттеп, Батыс Қазақстанның қасиетті жерлерін аралауға дейін

Бірақ ең бастысы, бас киім, көзілдірік пен күннен қорғайтын крем алуды ұмытпаңыз, әйтпесе дәл біз сияқты бірінші күні-ақ күнге күйіп кету ықтималдығы жоғары.
ДП
Дарья Плотникова
*Автордың жеке пікірі әуекомпанияның ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.