Алматы мен Астанадан Сеулға рейстер
Қазақстаннан Оңтүстік Кореяның Сеул қаласына рейстерді брондаңыз
Оңтүстік Корея - заманауи технологиялар дәуірі көне ескерткіштермен қатар үйлесім тапқан, әсем табиғаты жаңа жетістіктерге шабыттандыру қуатын сыйлайтын айшықты ел. Әрине, ең алдымен Сеулға барып көрген жөн. Бұл қаланы ойланбастан шығармашылық жұмағы деп атауға болады, өйткені онда ұмытылмас және жарқын демалыс үшін қажет нәрсенің бәрі: бірегей архитектура мен өнер туындылары, гастрономиялық тағамдар, сән үрдістері және соңғы технологиялар бар.
Қазақстан азаматтары визасыз қысқа мерзімді кіруді (30 күн) пайдалана алады, бірақ Корея Республикасына (K-ETA) кіруге электрондық рұқсат алуы тиіс. 17 жастағы немесе одан кіші жолаушыларға және 65 жастан асқан жолаушыларға Кореяға кіру үшін K-ETA қажет емес.
Желтоқсан айынан бастап Астана-Сеул рейстерінің жиілігін аптасына 3 ретке дейін арттырамыз
Дәстүрлі корей үйілері бар ауыл
Шағын және жайлы Чонджу қалашығында халық көп тұратын шулы Сеулден жайлы автобуспен небәрі 3 сағаттық жерде орналасқан. Мұнда сіздер 800 дәстүрлі корей үйі бар ауылды көресіздер. Міндетті түрде солардың біріне тоқтаңыздар, сонда өздеріңізді тарихи фильмнің кейіпкеріндей сезінесіздер. ТИІМДІ ТАРИФТЕР
Сеулге саяхатым
«Сеул бостандық сыйлап, қанаттандырады». Неліктен? Жауабын Ақмарал Исаевадан біліңіз.Ұшу кестесіндегі соңғы ақпаратты тексеріңіз
Сеулға тікелей рейстер Алматы және Астана қалаларынан орындалады.Оңтүстік Кореяға баруға 5 себеп
Оңтүстік Корея жайлы атмосферасын біздің жолаушылармен бірге сезініңіз. Ұшақта кездескенше!
Байланысты тақырыптар

Борттағы қызмет көрсету

Жолжүк туралы ақпарат

Қонақ үй брондау
