Алматыдан Бішкекке тікелей рейстер
Алматыдан Бішкекке (Қырғызстан) билет брондау
Бедері көркем тауы, адам аяғы баспаған шатқалдары мен суы мөлдір биік таулы көлдері Қырғызстанды кез келген саяхатшының армандаған мекеніне айналдырады. Бішкекке саяхатқа бел бусаңыз, табиғат аясында демалудан мол тәжірибе жинауға болатын қызыққа толы сапарыңызды дәл осы жерден бастауыңызға болады.
Алайда одан бөлек, Бішкек қырғыз мәдениетін паш ететін өзіне тән сәулетімен танымал. Бұған сіз жасыл қаланың көшесімен қыдырып жүріп көз жеткізе аласыз. Мұнымен қатар, қырғыздар - қонақжай халық, ал ұлттық асханасы бай. Тағамдарының басты ингредиенттері ет, сүт, ұн және дәнді дақылдар асты құнарлы әрі дәмін ерекше етіп, қазақ тағамдарымен бауырластыра түседі.
Қазақстан азаматтарына Қырғызстанға бару үшін виза талап етілмейді, Air Astana күнделікті рейстерімен Қырғызстанның астанасына барып қайтуға жақсы мүмкіндік.
Ыстықкөлдің шипалы суы
Ыстықкөл — Қырғызстанның басты көрікті жері, өте әдемі биік таулы көл. Мұнда тау ауасы, ғажайып пейзаждар, төңіректі құлпыртып тұрған раушан гүлдерінің хош иісі және шипалы деп саналатын тап-таза көл суының өзі үшін келуге тұрады.
Менің Бішкекке сапарым
Бішкекке ұшып жеткенде, Сіз қар басқан тау шыңын тамашалап, «Манас» әуежайынан бүкіл жол бойы сол тауға қарай жүресіз.Ұшу кестесіндегі соңғы ақпаратты тексеріңіз
Бішкекке тікелей рейстер Алматыдан орындалады.Байланысты тақырыптар

Борттағы қызмет көрсету

Жолжүк туралы ақпарат

Қонақ үй брондау

Nomad Club қатысушыларының артықшылықтары
Біз cookie файлдарын веб-сайтымызды және ұсыныстарымызды жақсарту үшін, сондай-ақ маркетингтік мақсаттарда пайдаланамыз. "Барлығын қабылдау" батырмасын басу арқылы сіз біздің осындай технологияларды пайдалануымызға келісім бересіз. Сіз келісіміңізді кез келген уақытта қайтарып алуыңыз мүмкін және болашақта күшіне енеді.