Эйр Астана логотипі
Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Рейске онлайн тіркеу

Орынды оңай ауыстырыңыз
Ұшуға дейінгі уақытыңызды үнемдеңіз
Отырғызу талонын алыңыз
Air Astana-мен саяхатыңыз әуежайдан-ақ барынша жайлы әрі еш қиындықсыз басталуы үшін, біз онлайн тіркеуді веб-сайт пен мобильді қосымшада іске қостық.

Air Astana қосымшасын орнатыңыз

Онлайн тіркеу тәжірибеңізді біздің ыңғайлы мобильді қосымшамызбен жақсартыңыз. QR кодты сканерлеңіз немесе қосымша дүкеніне кіріп, Air Astana қосымшасын жүктеп алыңыз.

Google Play StoreApp Store

Пайдалы ақпарат

Онлайн тіркеу ұшуға дейін 36 сағат бұрын ашылады және ұшуға дейін 1 сағат қалғанда жабылады.

 

Келесі жағдайларда және келесі жолаушылар санаттары үшін онлайн тіркеу қолжетімсіз болуы мүмкін:

  • Air Astana орындамайтын код-шеринг немесе интерлайн рейстері;
  • жетелеушісі жоқ балалар;
  • бортқа жануар алып жүретін жолаушылар;
  • бортқа арнайы жолжүк алып жүретін жолаушылар;
  • қосымша орын сатып алған жолаушылар;
  • онлайн тіркеу қарастырылмаған кейбір бағыттар.

 

Келесі жолаушылар үшін отырғызу талонын басып шығару шектеледі:

  • 18 жасқа толмаған жолаушылар;
  • жас шектелімі (жастар және 60 жастан жоғары) бар тарифтермен ұшатын жолаушылар;
  • нәрестемен бірге ұшатын ересектер;
  • арнайы көмек қажет ететін жолаушылар;
  • апаттық шығу қатарында отырған жолаушылар;
  • отырғызу талонын басып шығару мүмкін емес кейбір бағыттар.

1. Отырғызу талонын басып шығару мүмкіндігі бар онлайн тіркеу мына бағыттарда қолжетімді:

  • Қазақстан ішіндегі рейстерде;
  • Қазақстаннан Анталия (AYT), Бодрум (BJV), Батуми (BUS), Душанбе (DYU), Бішкек (BSZ), Баку (GYD), Ыстамбұл (IST), Мале (MLE), Ош (OSS), Ташкент (TAS), Тбилиси (TBS), Подгорица (TGD) бағыттарына;
  • Амстердам (AMS), Батуми (BUS), Дубай (DXB), Франкфурт (FRA), Ираклион (HER), Баку (GYD), Ыстамбұл (IST), Лондон (LHR), Тбилиси (TBS) қалаларынан Қазақстанға.

2. Отырғызу талонын басып шығару мүмкіндігі жоқ онлайн тіркеу мына халықаралық бағыттарда қолжетімді:

  • Қазақстаннан Амстердам (AMS), Абу-Даби (AUH), Бангкок (BKK), Мумбай (BOM), Гуанчжоу (CAN), Нячанг (CXR), Дананг (DAD), Дели (DEL), Дубай (DXB), Франкфурт (FRA), Ираклион (HER), Пхукет (HKT), Сеул (ICN), Жидда (JED), Лондон (LHR), Мәдина (MED), Бейжің (PEK), Фукуок (PQC), Үрімші (URC) бағыттарына;
  • Абу-Даби (AUH), Анталия (AYT), Бодрум (BJV), Батуми (BUS), Бангкок (BKK), Мумбай (BOM), Гуанчжоу (CAN), Нячанг (CXR), Дананг (DAD), Дели (DEL), Душанбе (DYU), Бішкек (BSZ), Пхукет (HKT), Сеул (ICN), Жидда (JED), Мәдина (MED), Мале (MLE), Ош (OSS), Бейжің (PEK), Фукуок (PQC), Ташкент (TAS), Үрімші (URC) қалаларынан Қазақстанға.


3. Чартерлік рейстерде онлайн тіркеу қолжетімсіз.


4. Мобильді қосымша арқылы тіркеу мына бағыттарда қолжетімді (осы рейстерде электронды отырғызу талонын телефон әмиянына сақтай аласыз):

  • Астана (NQZ), Алматы (ALA), Өскемен (UKK), Қызылорда (KZO), Шымкент (CIT), Ақтөбе (AKX), Ақтау (SCO), Атырау (GUW), Орал (URA), Қостанай (KSN) қалаларынан Қазақстанның басқа қалаларына;
  • Алматыдан (ALA) Батуми (BUS), Душанбе (DYU), Баку (GYD), Бішкек (BSZ), Ыстамбұл (IST), Мале (MLE), Ош (OSS), Ташкент (TAS), Тбилиси (TBS), Подгорица (TGD) бағыттарына;
  • Астанадан (NQZ) Подгорица (TGD), Ташкент (TAS), Ыстамбұл (IST) бағыттарына;
  • Амстердам (AMS), Дубай (DXB), Франкфурт (FRA), Ираклион (HER), Лондон (LHR), Ыстамбұл (IST), Тбилиси (TBS) қалаларынан Қазақстанға.

Алматы және Астана әуежайларында ішкі рейстерге арналған өзін-өзі тіркеу киоскілерінен отырғызу талондарын оңай басып шығара аласыз.


Бұл киоскілер дәстүрлі тіркеу үстеліне бармай-ақ сапарыңызды рәсімдеудің ыңғайлы тәсілін ұсынады.

  • Егер тек қол жүгімен саяхаттасаңыз, тіркеу процесін аяқтаған соң бірден ұшаққа отырғызу есігіне (гейт) өте аласыз.
  • Ал егер жолжүгіңіз бар болса, киоскіден тіркеуден өтіп, отырғызу талонын алғаннан кейін арнайы Жолжүк қабылдау үстеліне барыңыз.
Маңызды ақпарат
  1. Алдын ала таңдалған орындар өзгертілуі мүмкін. Әуе компания операциялық қажеттіліктерге байланысты сіздің орныңызды қайта тағайындау құқығын өзіне қалдырады.
  2. Электрондық отырғызу талонында көрсетілген шығу есігінің нөмірі өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз.
  3. Ұшуға дейінгі өзекті ақпаратты мына жерден тексеріңіз:
    • әуежайдағы рейстер туралы ақпараттық экрандардан;
    • күту залындағы әуе компаниясының өкілдерінен.
  4. Егер сіз тіркеуден өткен болсаңыз, бірақ қызметтерді өзгерткіңіз келсе, алдымен тіркеуді болдырмау қажет. Тіркеуді болдырмау үшін Nomad Club профиліне кірген болуыңыз қажет.
Қосымша ақпарат керек пе?
Толығырақ ақпарат алу үшін бізбен қалай байланысуға болады.
Брондау және ақпарат орталығы

Бізбен кез келген уақытта хабарласыңыз. 

Билет сату кеңселері

Сізге жақын кеңсені табыңыз. 

Көмек орталығы

Сұрақтарыңызға жауаптарды FAQ бөлімінен табыңыз.