Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Орталық Азия мен ТМД-ның үздік әуекомпаниясы

Сізге қызмет көрсету біз үшін құрмет

Air Astana үзіксіз он төртінші рет «Орталық Азия мен ТМД-да үздік әуекомпания» атағына ие болды, сондай-ақ тоғызыншы мәрте «Аймақтағы үздік бортта қызмет көрсетүші» марапатын иеленді. Жолаушыларымыздың сеніміне рақмет – бұл марапат сіздердікі және ол бізді жаңа белеске жетелейді.


1999 жылы Skytrax тәуелсіз зерттеу агенттігі ұйымдастырған World Airline Awards сыйлығы, әлемдегі авиацияда жолаушылардың қанағаттанғанын көрсететін ең беделділердің бірі болып саналады және көбінесе «Авиация саласының Оскары» деп аталады. Онлайн-сауалнама бүкіл әлем бойынша 350-ден астам әуекомпанияның қызмет көрсету сапасын бағалаған 100-ден аса елдің респонденттерін қамтыды.


Бағалау критерийі төмендегіше:

Ұшақтағы орындық пен үстел

Жайлылық пен тазалық

Орындықтың ыңғайлығын, аяқ қоятын жерді, қолжүк сөресін, жеке кеңістікті, салон жоспары мен жарығын, сондай-ақ температураны бақылауды және ұшақтағы тазалықты бағалау.
Тамақ беріп жатқан әйелмен орындықта отырған ер адам

Борттағы қызмет және қонақжайлық

Бортсеріктердің кәсіби дайындығы, түрлі тілде коммуникация құруы, ұсақ-түйекке мұқият болуы, ұшу кезінде жолаушыларға жылы шырай таныту мен көмек көрсетуге дайындығы.
Жүк сөмкесін ұстап тұрған әйелдің жанында тұрған әйел

Тіркелу және отырғызу

Airastana.com сайтындағы ақпараттың өзектілігі, рейске жылдам әрі ыңғайлы тіркеу, соның ішінде онлайн және өзіне-өзі қызмет көрсету, жолжүкті өңдеу, отырғызу, келесі рейске трансфер, қызметкерлердің тиімділігі мен жақсы қарым-қатынас құруы, ұшып келу және жолжүкті алу, сондай-ақ қызмет көрсету сапасы мен күтетін бизнес-залдағы ыңғайлылық.
Тамақ толы табақты ұстап тұрған әйел

Борттағы ас

Эконом және бизнес кластағы тағам мен сусынның әралуандығы, сапасы, көлемі және қалай ұсынылғаны.
Жанында мониторлары бар орындықтар қатары

Борттағы ойын-сауық жүйесі

Ұшақтағы ойын-сауық жүйесінің, борт журналының, баспасөз басылымының болуы және сапасы.

Билет сатып алу