Брондау және басқару
Ақпарат
Nomad Club
Көмек

Kazakhstan Flag
KZ
KAZ

Алматы және Астанадан Вьетнамға тікелей рейстер

Билет сатып алу

Қазақстаннан Нячанг пен Дананг қалаларына әуебилеттер

Сіз қайтадан вьетнамдық таныс «Синтяо» сөзін енді жаңа бағыттарда ести аласыз. Алматыдан Нячанг пен Данангқа, сондай-ақ Астанадан Нячангқа рейстерге билеттер Air Astana сайтында және мобильді қосымшасында брондауға қолжетімді. Ыңғайлы кесте және біздің парктағы ең заманауи ұшақ – Airbus A321 Neo LR бортындағы бірінші класты қызмет көрсету сіздің саяхатыңызды одан да жайлы етеді.


Алматыдан Нячангқа рейстер аптасына 4 рет, 24 наурыздан бастап, Астанадан Нячангқа рейстер 25 наурыздан бастап аптасына 3 рет орындалады.


Алматыдан Данангқа рейстер 4 маусымнан бастап, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.

Қазақстан азаматтары Вьетнамда 30 күнге дейін визасыз бола алады.

Вьетнаммен танысыңыз: Отбасыңызбен демалуға арналған ең жақсы орын

Вьетнамда қонақ үй брондау

Ең жақсы қонақ үй ұсыныстарын hotels.airastana.com сайтынан табыңыз.


Топтық саяхат ұсыныстары

Егер сіз эконом класста 10 немесе одан көп адаммен немесе бизнес класста 8 немесе одан көп адаммен ұшуды жоспарлаған болсаңыз, біздің арнайы топтық брондау опцияларын пайдаланыңыз. Толық ақпаратты мұнда қараңыз.


Арнайы тағамға тапсырыс беру

Өзіңізге қажетті тағамнан ләззат алыңыз. Сіз ұшуға дейін 24 сағат ішінде арнайы тағамға Бронды өзгерту арқылы тапсырыс бере аласыз.


Қосымша жүк

Егер сіз билетіңіздегі тарифте қарастырылғаннан артық жүк алып жүрсеңіз, қосымша жүкке мұнда тапсырыс беріңіз.


Нячанг және Данангтағы пайдалы такси қосымшалары

  • Grab – Вьетнамдағы ең танымал автокөлік және мотоцикл такси қызметін ұсынатын қосымша.
  • Be – Қалада жүруге арналған тағы бір сенімді опция.
  • Vinasun & Mai Linh – Есептегіш тарифтері бар сенімді дәстүрлі такси қызметтері.

Такси қосымшалары Нячанг пен Данангты зерттеудің тамаша тәсілі. Сіз әдемі жағажайларға, мәдени орындарға немесе жасырын қазыналарға бара жатсаңыз да, олар сапарыңызды ыңғайлы әрі жеңіл етеді.

Ұшу кестесін тексеріңіз

Вьетнамға тікелей рейстер Алматы және Астанадан орындалады.

Байланысты тақырыптар

Бизнес-класс
Бизнес-класс
Борттағы қызмет көрсету
Борттағы қызмет көрсету
MySEAT
MySEAT
Nomad Club қатысушыларының артықшылықтары
Nomad Club қатысушыларының артықшылықтары